Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді

Фотография - Алматыда футбол жаттықтырушыларының халықаралық конгресі өтеді

Алматыда 2015 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясының базасында халықаралық дәрежеде жаттықтырушылар конгресі өтеді

393 0

Алматыда 2015 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясының базасында халықаралық дәрежеде жаттықтырушылар конгресі өтеді. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Конгресті ұйымдастырушылар - «Қайрат» (Алматы), «Спортинг» (Лиссабон) және «Краснодар» (Ресей) футбол клубтарының өкілдері шара барысында қатысушыларды өздерінің футбол академияларының жұмыстарымен жан-жақты таныстырады. Сонымен қатар тәжірибелік мақсатта көрнекті жаттығулар өткізіледі.

«Конгреске кез-келген футбол маманы қатыса алады. Өтінімдер алдағы 1 ақпанға дейін қабылданады», делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?