Зарина Дияс Хобартта екінші айналымға шықты

Фотография - Зарина Дияс Хобартта екінші айналымға шықты

Бүгін Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы кездесуін өткізді.

352 0

Бүгін Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы кездесуін өткізді.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, З.Дияс испандық теннисші Сильвия Солер-Эспиносаны 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Енді ол екінші айналымда словакиялық Даниэла Гантухова немесе голландиялық Рихел Хогенкамптың қай жеңгенімен шеберлік сынасады.

Айта кетейік, 19 қаңтарда басталатын Австралияның ашық чемпионатына Зарина Дияс алғаш рет ешқандай іріктеусіз қатысады. Бұған оның әлемдік рейтингтегі жоғары орны мүмкіндік беріп отыр. Бүгін жаңартылған әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингісінде Зарина тағы бір саты жоғарылап, 31-інші орынға жайғасты. Яғни үздік отыздық та қол созым жерде тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?