Головкин Мюррей кездесуін көруге Ұлыбританиядан 500 жанкүйер келеді

Фотография - Головкин Мюррей кездесуін көруге Ұлыбританиядан 500 жанкүйер келеді

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының иегері жерлесіміз Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман 21 ақпанда өтетін кездесуге қандай дайындық жүргізіліп жатқаны туралы ойымен бөлісті.

425 0

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының иегері жерлесіміз Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман 21 ақпанда өтетін кездесуге қандай дайындық жүргізіліп жатқаны туралы ойымен бөлісті. 

– Мен қазіргі кезде Монакодамын. Бірақ бұл жақта ұзақ болмаймын. Бокс кешін өткізетіндермен талқылайтын мәселелер бар. Сол сұрақтарды шешкен соң қайтадан қайтамын. Монте-Карло бұл кездеуді асыға күтіп отыр екен,– дейді О.Герман. 
Оның айтуы бойынша, Головкин-Мюррей жекпе-жегін көруге Ұлыбританиядан 500 жанкүйер арнайы автобуспен келіп, қолдау көрсетпекші. Қазірдің өзі билеттердің көбісі сатылып кеткен. 
– Бұл жолы қарсыластың жанкүйелері көп болмақшы. Өйткені, Мюррейдің отаны Ұлыбритания Монакодан қатты алыс емес. Дегенмен, 21 ақпандағы кездесуге Қазақстан, Англия және Монако тұрғындарының да қызығушылығы жоғары екенін байқап отырмыз. Бұл бір керемет бокс кеші болатына уәде береміз, – дейді Головкиннің менеджері. 
Айта кетейік, Головкин-Мюррей жекпе-жегі «Salle des Etoiles» кешенінде өтеді. Қазіргі кезде билеттердің көпшілігі сатылып кеткен. Тек 1500-2000 еуро тұратын қымбат билеттер қалған екен.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?