Дияс Hobart International ширек финалына өтті

Фотография - Дияс Hobart International ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 31-ракеткасы Зарина Дияс Австралияда өтіп жатқан Hobart International жарысының ширек финалына шықты.

425 0

Қазақстандық теннисші, әлемнің 31-ракеткасы Зарина Дияс Австралияда өтіп жатқан Hobart International жарысының ширек финалына шықты.

Ол екінші айналымда словакиялық Даниэла Хантухованы 7:5, 6:1 есебімен ұтты. Матч екі сағатқа созылды. Дияс әлемдік рейтингте 60-орында тұрған Хантуховамен алғаш рет кездесті. 

Қазақстан теннисшісінің ширек финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Hobart International - WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) санатына кіретін, жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын жарыс.

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?