ТЕННИС: Австралия ашық чемпионатында З.Дияс М.Шараповамен кездесуі мүмкін

Фотография - ТЕННИС: Австралия ашық чемпионатында З.Дияс М.Шараповамен кездесуі мүмкін

Бүгін теннистен үлкен дулығаның бірі болып есептелетін Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

550 0

Бүгін теннистен үлкен дулығаның бірі болып есептелетін Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 19 қаңтар күні басталатын әлем біріншілігімен тең айтулы додада Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-інші ракеткасы Зарина Дияс бірінші айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Бұл қарсыласын ұтқан жағдайда словакиялық Анна Шмидловамен немесе оңтүстікафрикалық Шанель Схеперспен кездеседі. Ал үшінші айналымға шықса, әлемнің ең азулы теннисшілерінің бірі, қазір дүниежүзілік рейтингте екінші орында тұрған ресейлік Мария Шараповамен шеберлік байқасуы әбден ықтимал.

З.Диястың өзі де өткен жылы осындай мықты теннисшімен кездесуді армандайтынын айтқан болатын. 2014 жылы Австралия біріншілігінде үшінші айналымға дейін жеткен Заринаның жолын қазір әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп кескен еді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Ярослава Шведованың бірінші айналымдағы қарсыласы да мықты, ол әлемнің 16-ыншы ракеткасы, чехиялық Люси Шафаржовамен сынға түседі.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстанның бірінші ракеткасы, қазір Сидней турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатқан Михаил Кукушкин бірінші айналымда тунис теннисшісі Мәлік Жазиридің шамасын байқап көрмек. Ал Андрей Голубев фин Яркко Ниеминенді жеңуге тырысады. Бұл екеуі де онша күшті емес, қазақстандықтар өтуге болатын қарсыластар.

Айта кетейік, аталмыш турнирдің жүлде қоры - 14,398 млн. АҚШ доллары. Сондықтан теннисшілер онда табысты ойнаса, рейтингте алға жылжуға және қаржылық қорын молайтуға мүмкіндік алады.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?