«Астана арландары» командасының алғашқы кездесуі бүгін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Фотография - «Астана арландары» командасының алғашқы кездесуі бүгін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін «Астана арландары» командасының алғашқы кездесуі бүгін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

428 0

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін «Астана арландары» командасының алғашқы кездесуі бүгін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Олимпиада ойындары, сонымен қатар жаһандық және халықаралық жарыстардағы Қазақ елінің боксшылары қол жеткізген толағай табыстар әлем назарын өзіне аударды. Біздің былғары қолғап шеберлерінің жанкүйерлері де жылдан жылға көбейіп келеді. Тек қазақстандық қана емес, көптеген шетелдіктер де біздің спортшылардың өнеріне сүйсіне қарайтыны жасырын емес.

Әдетте, мұндай бокс кештері «Қазспорт» телеарнасынан көрсетіліп келген болса, бұл жолы біраз жанкүйер қай телеарна көрсететінін және «Астана арландары» мен «Caciques Venezuela» командаларының кездесуі қашан болатынын білмей, әуре-сарсаңға түсуде.

Сонымен, «Астана арландары» мен «Caciques Venezuela» командаларының кездесуін бүгін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен 17 сағат 55 минут.

 

«Astana Arlans» - «Caciques Venezuela» арасындағы алғашқы кездесуде жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімі: 
49 келі: Мардан Берікбаев - Йоэль Ривас Финол
56 келі: Мейірболат Тойытов - Хосе Висенте Диас
64 келі: Самат Бәшенов - Луис Мартин Аркон
75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов - Хуан Карлос Родригес
91 келі: Василий Левит - Альфонсо Хосе Флорес 

ҚазАқпарат

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?