«Adidas» компаниясы Лионель Мессидің «Барселонадан» кетуіне ықпалын тигізуге ниетті

Фотография - «Adidas» компаниясы Лионель Мессидің «Барселонадан» кетуіне ықпалын тигізуге ниетті

Adidas компаниясы «Барселона» футбол клубының форварды Лионель Мессидің көпшілікте қандай спорттық бренд туралы көбірек ой тудыратынына қатысты өз зерттеуін жүргізді.

371 0

Adidas компаниясы «Барселона» футбол клубының форварды Лионель Мессидің көпшілікте қандай спорттық бренд туралы көбірек ой тудыратынына қатысты өз зерттеуін жүргізді. 

Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 70%-ының Мессидің есімін каталондық клубтың техникалық демеушісі болып табылатын Nike компаниясымен байланыстыратыны анықталды. Сұралғандардың тек 30%-ы ғана Месси жеке демеушілік келісімшартын жасасқан Adidas-ты таңдаған. 

Осының нәтижесінде неміс спорт брендінің басшылығы Лионель Мессидің "Челси" немесе "Манчестер Юнайтед" құрамасына ауысуы компанияға көбірек пайда әкелер еді деген тұжырым жасап отыр. Adidas аргентиналық құрама ойыншысына қызығушылық білдірген клубқа қолдау көрсетуге ниетті, деп хабарлайды As.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?