Қазақстан «Дакар 2015» жарысында тоғызыншы орын алды

Фотография - Қазақстан «Дакар 2015» жарысында тоғызыншы орын алды

«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы құрамындағы «Astana Motorsport» командасы «Дакар-2015» әлемдік ралли-марафонын ресми түрде аяқтады.

363 0

«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы құрамындағы «Astana Motorsport» командасы «Дакар-2015» әлемдік ралли-марафонын ресми түрде аяқтады. 

Әлемдегі ең қауіпті, ең қызық ралли-марафон «Дакар 2015» аяқталды. Бұл турнир 14 күнге созылды. Спортшылар Аргентина, Чили және Боливия елдерін басып өтіп, жалпы ұзақтығы 9 шақырым жер жүрді. Қазақстан намысын қорғаған «Astana Motorsports» командасының атынан төрт, яғни үш жеңіл және бір жүк көлігінің экипаждары қатысты.

Жол талғамайтын көліктер санатында Т1 класы бойынша Айдын Рахымбаев пен штурман Антон Николаев MINI көлігімен, Бауыржан Исабаев пен оның штурманы Владимир Демьяненко Toyota Overdrive көлігімен сынға түсті. Ал Т2 класы бойынша жүргізуші Денис Березовский мен штурман Игнат Фальков Nissan Patrol көлігімен жарыс көрінгін қыздырды. Жүк көлігі» санаты бойынша Артур Ардавичус штурман Алексей Никижев пен механик Даниэль Козловский қатысты.

Алайда, жарыстың екінші күні жол талғамайтын көліктер 518 шақырымға сынға түскенде Денис Березовский мен штурман Игнат Фальковтің көлігінің қозғалтқышы істемей, турнирден шығып қалды. 
Жалпы, «Дакар 2015» додасында ең жоғары нәтижені Айдын Рахымбаев көрсетті. Т1 класы бойынша ел намысн қорғаған Айдын тоғызыншы орынға ие болды.

Өзге спортшыларға келетін болсақ. Артур Ардавичус штурман Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский жалпы командалық есепте 22-ші орынға тұрақтады. Бауыржан Исабаев пен оның штурманы Владимир Демьяненко ТОП-20-ның қатарына еніп, 17-ші орында келді. 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?