583

Криштиану Роналду барлық жетістіктерге арнайы диетаның арқасында қол жеткізгенін айтты

Португалиялық футболшы, екі жыл қатарынан әлемнің үздік ойыншысы атанған Криштиану Роналду жетістіктерге арнайы диетаның арқасында қол жеткізгенін айтты
Фотография - Криштиану Роналду барлық жетістіктерге арнайы диетаның арқасында қол жеткізгенін айтты

Португалиялық футболшы, екі жыл қатарынан әлемнің үздік ойыншысы атанған Криштиану Роналду жетістіктерге арнайы диетаның арқасында қол жеткізгенін айтты.

Бұл туралы Росбалт жазады.

Футболшының сөзіне қарағанда, оның әр күнгі ас мәзірінде балық міндетті түрде болады.  Балық құрамындағы Омега-3 май қышқылдары төзімділікті арттырып, бұлшық еттің өсуіне көмектеседі. 

Футболшы семсер-балыққа, сибас және ақтабанға ерекше мән береді, деп хабарлады Kedem порталы.

Роналдудың жеке аспазы бар. Ол спортшының диета сақтауын, дұрыс тамақтануын жіті қадағалайды.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...