Криштиану Шейктің орнына басқа қызды тапты

Фотография - Криштиану Шейктің орнына басқа қызды тапты

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду тележүргізуші Лусия Вилалонмен кездесіп жүрген көрінеді

447 0

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду тележүргізуші Лусия Вилалонмен кездесіп жүрген көрінеді. Бұл туралы испаниялық «La Nueva» басылымы хабарлады. 

Өткен аптада Ирина Шейк «Алтын доптың» иегерімен ара қатынасын үзгенін мәлімдеген еді. Бес жыл қыз бен жігіт болып жүрген Ирина мен Роналду ажырасқаны дүние жүзіне тарап кетті. Баспасөзде ресейлік модельдің Криштианудың анасының туған күніне бармағаны үшін ажырасты деп түсіндірілуде.

«La Nueva» басылымының мәліметінше, Роналду жалғыз жүре беруді қаламаған секілді. «Реал» клубының жеке арнасының жүргізушісі Лусия Вилалонмен көңіл жарастырыпты. Лусия екеуінің бірге фотоларын Инстаграмм әлеуметтік желісінде жариялады.

Лусия Виллалонның екі жоғары білімі бар. Журналистика және заңгерлік бойынша білім алған. Жасы 26-да.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?