527

Жылдың үздік бапкерлері анықталды

«Football Coach World Ranking» порталы жылдың үздік клуб және құрама бапкерлерінің рейтингісін жариялапты
Фотография - Жылдың үздік бапкерлері анықталды

«Football Coach World Ranking» порталы жылдың үздік клуб және құрама бапкерлерінің рейтингісін жариялапты. Бұл туралы Sports.kz порталы жазды.  

Рейтингке 1318 клубтың бас бапкерлері енген. Бұл тізімде Қазақстан Премьер-лигасынан төрт бапкер бар.

«Астана» командасының бас жаттықтырушысыСтанимир Стойлов 483-ші, «Ордабасы» бапкері Виктор Кумыков 968-ші «Ақтөбе» бапкері Владимир Газзаев 972-ші, «Қайрат» бапкері Владимир Вайсс 1096-шы орында.

Былтырғы жылы «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыковтың көрсеткіші жоғары болған. Қарағанды командасымен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен Кумыков мырза 526-шы орында болған еді.

Ал құрамалардың бас бапкерлерінің тізімінде 405 адам бар. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Юрий Красножан  335-ші орында тұр. Былтырғы жылы чехиялық маман Мирослав Беранек  161-шы болған еді.

baq.kz

Загрузка...