Зарина Диас Мария Шараповамен кездеседі

Фотография - Зарина Диас Мария Шараповамен кездеседі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымында словакиялық Анна Шмидлованы ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

608 0

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымында словакиялық Анна Шмидлованы ұтып, келесі кезеңге жолдама алды, деп жазды baq.kz ақпараттық порталы.

Бірінші сетте Аннаның жолы болды. Әсіресе, брейк-поинттарды тиімді пайдаланған словак қызы 6:3 есебімен алғашқы кезеңді өз пайдасына шеті. Ал екінші сетте Зарина есепті теңестірді. Соңғы шешуі партия тең жағдайда өрбіді. Ойын 6:6-ға дейін жетті. Бірақ ереже бойынша үшінші сетте тай-брейк болмайды. Сондықтан кім жеңгенге дейін ойнайды. Нәтижесінде жерлесіміз 8:6 есебімен басымдық танытып, келесі кезеңге жолдама алды.

Енді Зарина үшінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповамен жолығады. Ол бүгін өзінің отандасы Александра Панованы үш сетте (6:1, 4:6, 7:5) жеңді. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?