650

«Астана арландарының» алғашқы жорығы

«Астана арландары» бүкіләлемдік бокс сериясындағы екінші кездесулерін «Польшалық Рафако Гусарларымен» өткізеді.
Фотография - «Астана арландарының» алғашқы жорығы

«Астана арландары» бүкіләлемдік бокс сериясындағы екінші кездесулерін «Польшалық Рафако Гусарларымен» өткізеді. Осы сында шаршы алаңға шығатын «арландардың» есімі белгілі. Бұл туралы бүгін команданың әлеуметтік желідегі парақшасы хабарлады.  52 келіде Олжас Сәттібаев жұдырықтасады. 60 келіде Закир Сафиуллинге сенім артылды. 69 келі салмақта Мадияр Әшкеев бар. Ауыр салмақтарда Хорватиялық легионерлердің өнеріне баға береміз. Хрвое Сеп пен Филипп Хргович «Польша атты әскерлерімен» шайқасады. Жекпе-жектер 23 қаңтарда Польшада өтеді. Бұл бокс бәсекесін жанкүйерлер «Хабар» арнасынан тікелей эфирде түнгі 01.25-те көре алады.  
Хабар

Загрузка...