Астанада коньки спортынан спринт бойынша Қазақстан чемпионаты өтуде

Фотография - Астанада коньки спортынан спринт бойынша Қазақстан чемпионаты өтуде

Бүгін Астанада коньки спортынан Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Жарысқа еліміздің Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан мықты деген атлеттер сынға түсуде.

588 0

Бүгін Астанада коньки спортынан Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Жарысқа еліміздің Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан мықты деген атлеттер сынға түсуде.

Бірінші жарыс күнінде 500 метрлік қашықтық бойынша спринтерлік жарыстар өтті. Ерлер арасында осы сайыстың еліміздің былтырғы чемпионы Роман Креч (35.39) бірінші орынды иеленді. Күміс медальді Федор Мезенцев (36.04) иеленсе, үшінші орынға Денис Кузин (36.05) тұрақтады.

Әйелдер арасында 39.37 уақытын көрсеткен Қарағанды облысының өкілі Екатерина Айдова бірінші келді. Мария Сизова (40.74) мен Евгения Сафина (41.43) тиісінше екінші және үшінші орындарда.

«Биылғы ең маңызды жарыстарды Қазақстан Республикасының спринтерлік көпсайыс бойынша чемпионатымен бастап жатырмыз. Бұл біріншілік өте маңызды, себебі ол Астанада өтетін спринттен әлем чемпионаты қарсаңында дайындық болып табылады. Бүгін біз 500 метрлік қашықтықтағы жарыстарды өткіздік, ешқандай тосын нәтижелер тіркелген жоқ. Әйелдерден Екатерина Айдова жеңді. Ол соншалықты жақсы нәтиже көрсеткен жоқ, өйткені бір жыл бойы ешбір турнирлерге қатысқан жоқ. Ерлерге келетін болсақ, мұнда да барлығы күтілгендей еліміздің үздік спринтері Роман Креч жеңіп кетті. Романда үлкен үзіліс болды спортта, ол жарақаттанып, күзде ота жасатты. Олимпиададан кейін бұл оның бірінші старты. Бір қуантарлығы оның көрсеткен 35.39 уақыты әжептәуір жоғары нәтиже», - деді ҚР коньки спортынан бас бапкері Вадим Саютин.

Ертең, жарыстың екінші күнінде 1000 метрлік сайыстар өтеді. Ең қызығы әлі алда, себебі финалда жеңімпазды екі 500 метрлік және екі 1000 метрлік жарыстардың жалпы уақыт сомасын қосу арқылы анықтайды. Кузин мен Мезенцев бүгін жасындай жарқылдаған Кречті ертең 1000 метрлік сайыстарда артқа тастауы ықтимал. 

ҚазАқпарат


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?