464

Дияс пен Шведова жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповадан 1:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды. Матч бір сағатқа созылды.
Фотография - Дияс пен Шведова жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповадан 1:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды. Матч бір сағатқа созылды.

Зарина Дияс үшінші айналымға дейін поляк Урсула Радванска мен словак Анна Шмидлованы жеңген еді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова да (әлемдік рейтингте 66-орында) үшінші айналымда қытайлық Шуй Пенгтен 7:9, 3:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Шведова алғашқы екі айналымда чехиялық Луси Шафаржованы, пуэрто-риколық Моника Пуигті ұтқан.

Зарина Дияс 2014 жылғы Австралия ашық чемпионатында да үшінші айналымға дейін жетіп, румын Симоне Халептен жеңілген. Ал Шведова ол кезде бірінші айналымнан өте алмаған. 

 

azattyq.org

Загрузка...