789

Мұхаммед Әлидің былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады

Мұхаммед Әлидің чемпиондық титулды алғаш рет қорғаған кезде киген былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады.
Фотография - Мұхаммед Әлидің былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады

Мұхаммед Әлидің чемпиондық титулды алғаш рет қорғаған кезде киген былғары қолғабы бәссаудаға шығарылады, деп хабарлады Associated Press. Сауданы Heritage Auctions аукцион үйі 21 ақпанда  Нью-Йоркте өткізеді. Ол миллион доллардан астам қаражатқа сатылады деп күтілуде.

1965 жылы 25 мамырда Кассиус Клей атымен шығып жүрген ауыр салмақтағы Әли осы қолғапты киіп Сони Листонды жеңген. Бірінші кезеңде Әли қарсыласын нокаутқа жіберген.

2014 жылдың тамызында Кливлендтегі бәссаудада Әлидің  Джо Фрейзермен кездескенде киген қолғабы сатылған. Белгісіз біреу бұл лотты  388,3 мың долларға сатып алған.

Өткен жылдың ақпанында алғаш рет ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанған жекпе-жекте киген қолғабы 836,5 мың долларға сатылған.

Мұхаммед Әли 1964 жылдан 1966 жылға дейін, кейін  1974-1978 жылдары аралығында ауыр салмақтағы әлемнің абсолютты чемпионы болған.  1960 жылы 81 келі салмаққа дейінгі дәрежеде олимпиада чемпионы атанған. 

ҚазАқпарат

Загрузка...