Қазақстан Рио 2016-ның алғашқы жолдамасын алды

Фотография - Қазақстан Рио 2016-ның алғашқы жолдамасын алды

Боксшы Берік Әбдірахманов олимпиада жолдамасын AIBA Pro Boxing турнирі аясында жеңіп алды.

415 0

Боксшы Берік Әбдірахманов олимпиада жолдамасын AIBA Pro Boxing турнирі аясында жеңіп алды.

60 килограмдық салмақтың финалында Берік Әбдірахманов өзбек Хуршид Торшибаевпен сегіз раунд бокстасып, үстем түсті. Үш төреші де жеңісті Әбдірахмановқа берген.

AIBA ережесі бойынша бұл жарыста жеңген боксшы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылы өтетін олимпиадаға тікелей жолдама алады. 

Әбдірахманов - 2013 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Боксшылар олимпиаданың қалған жолдамаларын алу үшін WSB додасы мен биыл Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатында бәсекеге түседі.

 

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?