512

П.Коцур шахматтан өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Павел Коцур «Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін» жедел шахматтан өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Фотография - П.Коцур шахматтан өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Павел Коцур «Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін» жедел шахматтан өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Әлемнің 6 мемлекетінің спортшылары бақтарын сынаған турнирдің қорытындысы бойынша қарсыластарына дес бермеген халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы, жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы Павел Коцур турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орын тұғырынан Азияның үш мәрте чемпионы, жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы қазақстандық Петр Костенко көрінді. Ал үшінші орынды мысырлық ойыншы, халықаралық гроссмейстер, Африканың екі мәрте чемпионы, Африка олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы Ахмед Адли олжалады.

Айта кетейік, турнирдің чемпионы, Павлодар облысы әкімінің Кубогына ие болған Павел Коцур 1 млн теңге, екінші орын жүлдегері 600 мың теңге, үшінші орын жүлдегері 400 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды.

 

baq.kz

Загрузка...