422

Джокович Австралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

Сербия спортшысы Новак Джокович Австралия ашық чемпионатының бесінші дүркін жеңімпазы атанды
Фотография - Джокович Австралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

Сербия спортшысы Новак Джокович Австралия ашық чемпионатының бесінші дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлады ВВС. 

Мельбурн қаласында жексенбі күні өткен финалдағы кездесуде Джокович британдық теннисші Энди Маррейді 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:0. есебімен жеңді. Ойын 3 сағат 39 минутқа созылды. 

Джокович бұл турнирде 2008, 2011, 2012, 2013 жылдары жеңіске жеткен.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...