Алматы қаласында дзюдо орталығы ашылады

Фотография - Алматы қаласында дзюдо орталығы ашылады

Алматы қаласында дзюдо орталығының құрлысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-ға келген Қазақстан дзюдо федерациясының Бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлімдеді.

572 0

Алматы қаласында дзюдо орталығының құрлысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-ға келген Қазақстан дзюдо федерациясының Бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлімдеді.  

– Елімізде дзюдо күресі қарқында даму үстінде. Былтырғы Инчонда өткен жазғы Азия ойындарында Елдос Сметов алғаш рет чемпион атанды. Бұрын-сонды қазақстандық дзюдошылардан ешкім сарықұрлық додасында топ жармаған еді. Бұл Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының арқасы. Конфедерация құрылғаннан бері материалдық мәселелер толық шешімін тауып келеді. Оқу-жаттығу өткізетін базалардың саны да артты. Оларды жабдықтау толығымен шешілген. Сондай-ақ қазіргі кезде Алматы қаласында дзюдо орталығының құрылысы салынып жатыр. Бұл құрлыстың алғашқы кірпішін 2013 жылдың қыркүйегінде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалаған еді. Бұл нысан енді осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде, дейді –   М. Мықтыбеков.

Айта кетейік, бүгін Орталық Комнукациялар қызметінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының жетістіктері туралы» брифинг өткен болатын. Оған Қазақстан дзюдо федерациясының Бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков, атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, дамыту жөніндегі директор Асхат Жіткеев және Конфедерацияның Жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ-пен) байланыс жөніндегі үйлестіруші Жігер Әзбергенов қатысты.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?