Қазақстанда спорт менеджерлері тапшы

Фотография - Қазақстанда спорт менеджерлері тапшы

Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының Қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімінің үйлестірушісі Жігер Әзбергенов осылай мәлім етті.

347 0

Қазақстанда мықты спорт менеджерлері тапшы. Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының Қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімінің үйлестірушісі Жігер Әзбергенов осылай мәлім етті. 

 «Конфедеранцияның тағы бір мақсаты – ол кадрлар мәселесіне көңіл бөлу. 2013 жылы біз үш жақты меморандумға қол қойған болатынбыз. Қазір сол меморандум аясында қазақстандық мамандар Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі теңдессіз оқу орындарына білімдерін жетілдірді. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Алдағы уақытта да мамандарды шетелге жіберетін боламыз. Себебі, біздің спортқа білікті спорт менеджерлері керек», - деді Әзбергенов.

Ал, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі қызметтің үйлестірушісі Арман Тәшметовтің айтуынша, қазір спортшылар халықаралық күрес федерациясында тәжірибеден өтіп жатыр.

 

 

BNews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?