635

«Астана» велоклубының атауы өзгеруі мүмкін

Қазақстанның «Астана» (Astana Pro Team) велокомандасы атауын өзгертпекші. Мұны клубтың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Фотография - «Астана» велоклубының атауы өзгеруі мүмкін

Қазақстанның «Астана» (Astana Pro Team) велокомандасы атауын өзгертпекші. Мұны клубтың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Биыл велкомандаға тағы бір демеуші табылып отыр. Кешегі өткен презентацияның бүкіл шығындарының жартысын дәл осы демеуші көтерді. Алдағы уақытта Astana Pro Team атауы өзгеріп, оған болашақ инвестордың аты тіркелуі мүмкін.

Айта кету керек, «Астана» клубы Дубайда 2015 жылғы маусымдағы команда құрамын таныстырған болатын. Маусымдар арасында қазақстандық клубтың басшылығы трансферлік нарықта 9 жаңа шарт жасап, күрделі жұмыстар жүргізді. Жаңа маусымда команда спорттық киімінің дизайнына шамалы өзгерістер енгізді, ал велосипед шығарушы компанияны әзірге ауыстырмаған сыңайлы.

 

 

 

Bnews.kz сайтынан

Загрузка...