482

Футбол: Тәжімбетов ұлттық құрамаға шақырту алды

м
Фотография - Футбол: Тәжімбетов ұлттық құрамаға шақырту алды

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айының 11-19 аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиындар өткізеді. Бүгін бас бапкер Юрий Красножан құрамаға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.  

Оқу-жаттығу жиындары 19 ақпанға дейін жалғасады. Ал 18-і күні Молдовамен жолдастық кездесу өткіземіз. Красножан келгелі Қазақстан жейдесін кимеген Дәуренбек Тәжімбетовте осы жолы бас командаға шақырту алды. Жалпы, Юрий Красножан ұсынған тізім мынандай:

Қақпашылар: Александр Мокин («Шахтер»), Александр Петухов («Тобыл»), Андрей Сидельников («Ордабасы»), Ненад Эрич («Астана»);

Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Ордабасы»), Пірәлі Әлиев («Ертіс»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Ақтөбе»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко (Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Гафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Байтана («Қайрат»), Анатолий Богданов («Тобыл»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Жақып Қожамберді (Тараз), Ұлан Конысбаев (Астана), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смақов («Ертіс»), Марат Шахметов («Ертіс»);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Астана»).

 

baq.kz

Загрузка...