Илья Ильин Лондонда ағылшын тілін үйренуді бастады

Фотография - Илья Ильин Лондонда ағылшын тілін үйренуді бастады

Атақты қазақстандық спортшы, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы тіл орталықтарының бірінде оқытудан өтіп жатыр

442 0

Атақты қазақстандық спортшы, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы тіл орталықтарының бірінде оқытудан өтіп жатыр. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Ағылшын тілін үйрене бастадым», - деп жазды спортшы өз командасының мүшелерінің бірімен оқу кезінде түскен фотоның астындағы түсініктемесінде, #London және #Kaplan хэштегтерін қосып.

Ильиннің британдық жанкүйерлері оның Лондонда жүргенін естігенде өте қуанғанын атап өту керек. Олар жақын уақытта сүйікті спортшысымен кездесуді ұйымдастырмақшы.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?