471

Қазақ теннисшілері Федерация кубогына қатысады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы 4-7 ақпанда Гуанчжоуда (Қытай) өтетін Федерация кубогына - Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топ ойындарына қатысады
Фотография - Қазақ теннисшілері Федерация кубогына қатысады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы 4-7 ақпанда Гуанчжоуда (Қытай) өтетін Федерация кубогына - Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топ ойындарына қатысады.

Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Досқараев құрамаға Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева, Кәмила Керімбаеваны шақырған.

Қазақстан спортшылары А тобында Қытай, Тайпей, Таиланд құрамаларымен ойнайды. В тобында Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея теннисшілері кездеседі. Әр топтың бірінші орын алған құрамалары финалға шығып, жеңіске жеткені екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасы 2014 жылы бұл кубоктың топтық кезеңінде Таиландтан ұтылып, финалға шыға алмаған.

azattyq.org

Загрузка...