620

«Барселона» президентіне ақша жымқырды деген айып тағылуда

Испанияның «Барселона» клубының экс-президенті Сандро Росельдің орнына келген Хосеп Бартомеуге қаржы жымқырды деген айып тағылуда.
Фотография - «Барселона» президентіне ақша жымқырды деген айып тағылуда

Испанияның «Барселона» клубының экс-президенті Сандро Росельдің орнына келген Хосеп Бартомеуге қаржы жымқырды деген айып тағылуда. 

Былтырғы жылы «Барселонаның» экс-президенті Сандро Росельге бразилиялық шабуылшы Неймарды сатып алу кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Осыдан кейін ол қызметінен кетті. Қазіргі кезде қазынашылық және корпоротивтік негізде екі бірдей қылмыстық іс қозғалуда.

Прокуратура тергеуді аяқтап, сот отырысын сұрауда. Бұл іске «Барселонаның» қазіргі президенті Хосеп Бартомеуде ілігуі мүмкін. Өйткені, 2,84 миллион еуро көлеміндегі салықты төлемеген. Соңғы ақпараттарға қарағанда Неймарды клуб ең аз дегенде 82, 74 миллион еуроға сатып алған. Ал негіз былтыр бразилиялық шабуылшыны  57, 1 милллионға алдық деп мәлімдеген еді.

Жалпы, «Барселона» басшылары мемлекет бюджетіне 12, 14 миллион еуро көлемінде салық төлемеген. 

 

baq.kz

Загрузка...