603

Шведова мен Дияс Федерация Кубогында қытайлықтардан басым түсті

Бүгін Қазақстан құрамасы Федерация Кубогында (Азия/Океания аймағы) бірінші ойынын өткізді. Олар 2:1 есебімен қытайлықтардан басым түсті.
Фотография - Шведова мен Дияс Федерация Кубогында қытайлықтардан басым түсті

Бүгін Қазақстан құрамасы Федерация Кубогында (Азия/Океания аймағы) бірінші ойынын өткізді. Олар 2:1 есебімен қытайлықтардан басым түсті.

Қазақстан теннис Федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірінші кездесуде Ярослава Шведова үш сетте Чианг Вангты 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Кейінірек құрама лидері Зарина Дияс екі сетте Шуай Жангты  7:5,6:0 есебімен ұтты. Осылайша мерзімінен бұрын Қазақстан құрамасына жеңіс алып келді.

Үшінші кездесуге құрама капитаны Диас Досқараев Камила Керімбаева мен Юлия Путинцеваны шығарды. Алайда бұл кездесу 1:6, 5:7 есебімен Шуай Пенг пен Сайсай Женгтің пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, ертең біздің құрама қытайлық Тайпеймен кездеседі.

 

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...