439

ҚР Ат спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында есепті-іріктеу конференциясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының президенті болып бір ауыздан Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Темірхан Досмұхамбетов сайланды.
Фотография - ҚР Ат спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында есепті-іріктеу конференциясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының президенті болып бір ауыздан Парламент  Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Темірхан Досмұхамбетов сайланды.

Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы федерацияның бұрынғы президенті, бизнесмен, спорт меценаты Александр Машкевич бұл қоғамдық ұйымның құрметті президенті атанды. Еске салсақ, А. Машкевич осы олимпиадалық спорт түрінің қазақстандық федерациясын ол құрылған сәттен бастап басқарды.

Федерацияның вице-президенті, қосымша бас хатшысы болып белгілі спорт функционері Питер Бергман сайланды, ол біздің ұлы атлетиктер жайлы спорт фильмдерінің сценаристі, продюсері ретінде жақсы белгілі.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...