350

«Астана арландары» алғаш рет Қарағанды төрінде шаршы алаңға шығады

Ертең «Астана арландары» алғаш рет Қарағанды төрінде шаршы алаңға шығады.
Фотография - «Астана арландары» алғаш рет Қарағанды төрінде шаршы алаңға шығады

Ертең «Астана арландары» алғаш рет Қарағанды төрінде шаршы алаңға шығады.

Олимпиада жеңімпазы, «Астана арландарының» бас директоры бокс жанкүйерлерін Қарағанды қаласына шақырып отыр.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB)  «Б» тобында көш бастап келе жатқан «Астана арландары» 8 ақпан күні «АҚШ нокаутшылары» командасымен кездеседі. Америка былғары қолғап шеберлері де бұған дейінгі кездесулерінде жеңіске жетіп келген. Сондықтан екі команда арасында тартысты жекпе-жектер болады деп күтілуде. Қос команданың кездесуі Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді. Қазірдің өзінде қос команда арасындағы кездесуге барлық билеттер сатылып кеткен көрінеді. Бұл «Астана арландарына» қарағандылық жанкүйерлердің ықыласы ерекше екенін көрсетеді.

Қарағанды қаласында болатын бокс кеші ертең «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Басталуы Астана уақытымен 17 сағат 55 минут.

8 ақпан күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:

52 келіде Мирас Жақыпов - Брент Ричард Венегас 
60 келіде Ержан Мұсафиров - Малиек Доннэл Монтгомери  
69 келіде Асланбек Шымбергенов - Брайан Цебалло 
81 келіде Хрвое Сеп - Стив Нельсон 
+91 келіде Филип Хргович - Брэндон Глэнтон. 

 

ҚаЗАқпарат

Загрузка...