Олимпиада-2024 ойындарын өткізуге Будапешті ұсынды

Фотография - Олимпиада-2024 ойындарын өткізуге Будапешті ұсынды

Венгрия ұлттық олимпиада комитеті ел астанасы Будапешт қаласын 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады

488 0

Венгрия ұлттық олимпиада комитеті ел астанасы Будапешт қаласын 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ақпарат комитеттің ресми сайтындажарияланды.

Ұлттық олимпиада комитетінің 125 мүшесі осы шешімді қолдап дауыс берсе, біреуі қарсы болған.

Бұған дейін 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өздерінде өткізгісі келетіні туралы Рим (Италия) және Бостон (АҚШ) қалалары мәлімдеген. Жақын арада Германияның Берлин немесе Гамбург қалалары да олардың қатарына қосылуы мүмкін.

Кандидат қалалардың түпкілікті тізімі қыркүйектің 15-і күні анықталмақ. Ал Олимпиада-2024 ойындары қай қалада өтетіні 2017 жылы белгілі болмақ.

 

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?