Данияр Елеусінов: Биылғы басты мақсат - Олимпиада жолдамасына қол жеткiзу

Фотография - Данияр Елеусінов: Биылғы басты мақсат - Олимпиада жолдамасына қол жеткiзу

2013 жылғы бокстан әлем чемпионы, Азия Ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы, ҚР ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусiнов биылғы маусымдағы басты жоспарларымен бөлiстi

763 0

2013 жылғы бокстан әлем чемпионы, Азия Ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы, ҚР ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусiнов биылғы маусымдағы басты жоспарларымен бөлiстi, деп жазады boxingnews.kz.

«Биыл лицензиялық жыл екенiн бiлесiздер, сондықтан басты мақсат - Олимпиада жолдамасын жеңiп алып, дүбiрлi додада үздiк өнер көрсету. Бұдан бөлек, Бүкiләлемдiк бокс сериясы (WSB) бар. Онда ұлттық құрама «Астана Арландарына» көмектесетiн болады. Жалпы жыл бойы жұмыс көп», - дейдi ол.

Даниярдың айтуынша, жақында бапкерлер оның WSB рингiне қашан шығатынын талқылайтын болады.

«Арландардың» қатарында қашан шығатынымды бапкерлер тобы шешедi. Ұлттық құраманың бас бапкерiмен, клуб жаттықтырушысымен және жеке бапкерiммен ақылдасуым қажет. Ортақтаса отырып, шешiм жасаймыз», - дедi Данияр.

Кәсiпқой боксқа көшу жайлы сауал қойылғанда, боксшы бұл туралы Рио-де-Жанейродағы Олимпиададан кейiн ойланатынын айтты.

«Мен ол туралы 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн ойланамын. Төртжылдықтың басты бәсекесiне жолдама алып, онда жасындай жарқылдасам деймiн. Қазiр нақты айта алмаймын. Ойланғаным рас, бiрақ көптеген факторлар бар, денсаулық шамасына да қарау керек. Көремiз», - деп атап өттi боксшы.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?