Қазақстан құрамасы шахматтан мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтижені көрсетті.
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Таиландтың Паттайя қаласында 7-14 мамыр аралығында өткен бұл додада еліміздің құрамасы командалық есепте алтын медаль саны бойынша төртінші орынды, сондай-ақ жалпы медаль саны бойынша (10 медаль) 2-3 орынды иеленді.
«Алтын» жүлдеге классикалық шахмат аясында Әмина Қайырбекова (Астана) мен Жанат Сайын (Орал) қол созды. «Күміс» медальді - Дениз Құрманалина (Алматы) мен Алдияр Аңсат (Астана) иеленсе, ал «қола» жүлде Назерке Нұрғалиге (Қызылорда), Қазыбек Нөгербекке (Астана) және Арыстанбек Оразаевқа (Ақтөбе) бұйырды.
Қазақстанның тағы 18 жас шахматшысы әлемнің мықты оқушылары ондығына (блиц бойынша жарыстарды есепке алғанда) енді.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить