724

Ақмолалық палуан Дастан Зарлыханов Азия чемпионы атанды (ФОТО)

Ақмола облысының палуаны Дастан Зарлыханов жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.
Фотография - Ақмолалық палуан Дастан Зарлыханов Азия чемпионы атанды (ФОТО)

Ақмола облысының палуаны Дастан Зарлыханов жастар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.

Дастан Зарлыханов - Т. Уәлиев атындағы Жақсы спорт  мектебінің түлегі. Қазірде Ақмола облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде оқиды. 55 келі салмақ дәрежесі бойынша белдескен Д. Зарлыханов алтын медаль алды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан. Оның жаттықтырушысы - Егор Мукштадт.

Мьянмада өтіп жатқан  грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады. Грек-рим күресі бойынша боз кілемге шыққан жерлестеріміз Боранбек Қоңыратбаевтың жетекшілігімен жарыстың алғашқы күні 5 медальға қол жеткізді. Дастан Зарлыханов (55 кг) пен Хусеин Муцольгов (84 кг) алтын алса, күміс жүлдеге Тамерлан Шадукаев (74 кг), қола медальға Рахман Шахарбек (66 кг) пен Царкис Пшеничников (96 кг) қол жеткізді.

Азия чемпионаты 12 шілде күні аяқталады. 
Зарлыханов  Зарлыханов  Зарлыханов   

Загрузка...