Алматыда веложарыс өтті

Фотография - Алматыда веложарыс өтті

Бүгін Алматыда салауатты өмір салтын насихаттайтын мерейтойлық 60-шы веложарыс өтті

274 0

Бүгін Алматыда салауатты өмір салтын насихаттайтын мерейтойлық 60-шы веложарыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл спорттық шараға велоқоғамдастық өкілдері, студенттер, 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен жазғы 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың жеңімпаздары, қызығушылық білдерген көптеген қала тұрғындары қатысты. Жалпы, мерейлі веложарысқа екі мыңдай адам шықты, деп ақпарат таратты Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шерудің ұзындығы 9 км, сөре Республика алаңынан басталып, ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында мәреге жетті. Жарыс қортыныдысы бойынша үздік шыққандарға түрлі номинациялар бойынша сыйлықтар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғашқы бұқаралық веложарыс 2009 жылы басталды. Бұл шерулерге 180 мың адам қатысты, ал биыл велошерудің жетінші маусымы өтуде.

2015 жылы қаладағы велосипедтердің жалпы саны 90 мың бірлікті құрайды. Егер өткен жылы 15 мың велосипед сатылса, биылғы жылдың жазында ғана сатылғаны 12 мың. Веломагазиндер қатары 26 бірлікке ұлғайды, прокатка беру 7 есе өсті. Егер 2009 жылы велосипедті прокатка беретін 3 нүкте болса, қазір олардың саны -23. Ал бұл жұмыс орындарының өсуіне де оң ықпал етуде. Қазіргі кезде магазиндерде 70, велошеберханалар мен нүктелерде 84 жұмыс орындары ашылған.

Даттық урбанист Ян Гейлмен бірігіп жұмыс жасау арқасында қалада тұрғындар демалатын мини-аймақтар әр ауданда пайда болуда. Аумағында урналар, орындықтар, кіші сәулет пішіндері бар "Жасыл жерлер" спорт және балалар ойнайтын алаңдарды да қамтыған.

Алматыда болашақта жаңа веложол түрі де пайда болмақ. Велобағыт Тимирязев көшесін қиып өтіп, Розыбақиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін созылады, соңыра метроның "Байқоңыр" бекетін айналып өтеді. Бұл бағыт ЖОО-ның студенттеріне қолайлы болу үшін жасалған. Қазіргі кезде нидерландық сарапшылар барлық құжаттаманы аяқтап, оны қазақстандық инженерлерге тапсырды.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!