Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) президенті Мишель Платини Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті сайлауына түсетін болды, деп хабарлады "Р-Спорт".
Платиниді төрт конфедерацияның қолдайтыны аталып өтілді. Олар: Оңтүстікамерикалық футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ), Солтүстік, Орталық Америка мен Кариб бассейні елдерінің футбол конфедерациясы (КОНКАКАФ), Океания футбол қонфедерациясы (OFC) және УЕФА.
Еске сала кетейік, 1998 жылдан ФИФА-ны басқарған Йозеф Блаттер 29 мамырда бесінші мерзімге сайланған, ал 2 маусымда ол қызметтен кететіні туралы жариялады.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить