Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18 туры қорытындыланды

Фотография - Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18 туры қорытындыланды

Кешегі демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 18 туры өз мәресіне жетті. "Астана" өз алаңында Талдықорғанның "Жетісуын" жеңсе, шымкенттік "Ордабасы" "Оқжетпестен" басым түсті. Ал, "Ақтөбе" күтпеген жерден "Шахтер" командасына есе жіберді.

312 0

Кешегі демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 18 туры өз мәресіне жетті. "Астана" өз алаңында Талдықорғанның "Жетісуын" жеңсе, шымкенттік "Ордабасы" "Оқжетпестен" басым түсті. Ал, "Ақтөбе" күтпеген жерден "Шахтер" командасына есе жіберді.

"Астана" — "Жетісу" 2:1 (1:0) Голдар: Дедечко 5 (1:0), Галиакберов 75 (1:1), Максимович 84 (2:1).

Аталған матчта алаң иелері үлкен басымдыққа ие болды. Станимир Стойлов шәкірттерінің гол салатын бірнеше мүмкіндігі болған, дегенмен, "Жетісу" қақпасына олар небәрі екі гол сала алды. Алғашқы болып есепті Денис Дедечко ашқан. "Жетісу" сапынан Руслан Галиакпаров теңестіргенімен, Неманья Максимович астаналықтарға жеңіс алып келді.

"Қайсар" — "Тобыл" 0:1 (0:1) Гол: Жұмасқалиев 9 (0:1).

Қызылордалық "Қайсар" соңғы ойынедарында жанкүйерлерін қуанта алмай жүр. Турнир кестесіндегі жағдайын жақсарту үшін сыр футболшылары міндетті түрде жеңуі тиіс болатын. Алайда, қостанайлық "Тобыл" өз ойынынан жаңылмай, жалғыз голмен үш ұпайды иеленіп кетті. "Қайсардың" есепті теңестіретін керемет мүмкіндігі болғанын айта кетейік. Дегенмен, 11 метрлік айып добын Жасұлан Молдақараев орындай алған жоқ.

"Тараз" — мЕртісм 0:0.

Бұл ойынды тараздық жанкүйерлер көптен күткенімен, салынған гол көре алған жоқ. Дегенмен, қауіпті шабуылдарды екі тарап та аз жасаған жоқ.

"Ордабасым — "Оқжетпес" 2:1 (1:0) Голдар: Тұңғышбаев 45 (1:0), Касьянов 51 (2:0), Роткович 52 (2:1).

Шымкентте өткен ойында "Оқжетпеске" үш ұпай ауадай қажет болған. Өйткені, көкшетаулық команда алғашқы алтылыққа ену үшін тек жеңуі керек-тін. Дегенмен, алаң иелері ойынды өз қолдарына алып, турнир кестесіндегі жағдайларын жақсарта түсті.

"Атырау" — "Қайрат" 0:0.

Алдағы бейсенбі күні алматылық "Қайрат" Еуролигадағы қарымта ойынын өткізетініне қарамастан, бас бапкер Владимир Вайсс Атырауда өткен ойынға негізгі құрамды алып шықты. Дегенмен, алматылық ойыншыларға "Атырау" айтарлықтай қарсылық танытып, ойын соңына дейін есеп ашылған жоқ.

"Ақтөбе" — "Шахтер" 0:1 (0:0) Гол: Ветров 88 (0:1).

Ақтөбені өз алаңында есе жіберіп алады деп ешкім күткен жоқ. Жарыс аутсайдері қарағандылық "Шахтерды" қабылдаған ақтөбеліктер гол соғатын көптеген мүмкіндік жасағанымен, шабуылдардың ешқайсысы нәтиже берген жоқ. Ал, ойынның 88 минутында қарымта шабуыл ұйымдастырған "кеншілер" "Ақтөбе" қақпасының кілтін тауып, маңызды деген үш ұпайға қол жеткізді. 

 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!