Мейвезер мен Берто қыркүйекте рингте кездеседі

Фотография - Мейвезер мен Берто қыркүйекте рингте кездеседі

Атақты америкалық боксшы Мейвезер мен оның отандасы Андре Берто жекпе-жек туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл жайлы TMZ. хабарлады.

219 0

Атақты америкалық боксшы Мейвезер мен оның отандасы Андре Берто жекпе-жек туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл жайлы TMZ. хабарлады.

Порталдың деректеріне қарағанда, тараптар кепіссөзді бірнеше апта бойы жүргізіп, ақырында өзара келісімге келген. 12 раундтық жекпе-жек 12 қыркүйекте Лас-Вегаста (США, Невада штаты) өтетін болды.

Бұл айқас Мейвезер үшін Showtime телеарнасымен жасаған  келісім аясындағы алты жекпе-жектің соңғысы. Бұдан бұрын ол осы кездесуден соң спорттық жолын аяқтайтындығын мәлімдеген болатын. Соңғы айқасында, яғни 3 мамырда Лас-Вегаста (США, Невада штаты) 66,68 келі салмақта филиппиндік  Мэнни Пакьяоны жеңгеннен кейін МейвезерДүниежүзілік боксшылар ұйымының (WBO), Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығының (WBA), Дүниежүзілік боксшылар кеңесінің  (WBC) белбеулеріне ие болған еді. Бірақ 7 шілдеде америкалық WBO  титулынан айырылды.

Мейвезер 48 рет жеңіске жеткен, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ал 31 жастағы Бертоның есебінде 30 жеңіс  (23 нокаут) үш жеңіліс бар.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!