"Астана" "Мариборды" жеңіп, келесі айналымға шықты

Фотография -  "Астана" "Мариборды" жеңіп, келесі айналымға шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан елордалық "Астана" командасы Словения чемпионы Мориборды ұтып, үшінші айналымға жолдама алды.

257 0

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан елордалық "Астана" командасы Словения чемпионы Мориборды ұтып, үшінші айналымға жолдама алды.

Словенияда өткен алғашқы ойында жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіліп келген болатын. Келесі айналымға өту үшін өз алаңында "Астанаға" екі доп айырмасымен жеңіске жетуі керек болған. Станимир Стойлов шәкірттері бұл міндетті орындап, кеше "Астана-Аренада" 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Астаналықтар 12 минутта есеп ашқан, гол авторы - Бауыржан Жолшиев. Мұнан кейін араға 25 минуттай салып "мариборлық" Александр Райевич қақпашы қателігін ұтымды пайдаланып, есепті теңестіре алды. Ал, бірінші кезең аяқталар тұста Рохер Каньястың (43 минут) алыстан тепкен соққысы қорғаушылардың біріне тиіп, қақпа торынан бір-ақ шықты.

"Астанаға" келесі айналымға өту үшін тағы бір доп соғып, өз қақпасына жібермеуі керек болатын. Осыны ескерген Стойлов шәкірттері алдымен 58 минутта есепті 3:1 жеткізіп (гол авторы - Патрик Твумаси), мұнан кейін ойын соңына дейін қорғаныста қателік жіберген жоқ. Дегенмен, дөрекі ойынымен бірнеше рет көзге түскен Каньясты төреші екінші тайм ортасында ойыннан қуды.

Үшінші айналымда астаналық команданы Финляндияның ХИК командасы күтіп тұр. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!