"Қайсар" футбол клубынының басшылығы қызметінен кетті

Фотография - "Қайсар" футбол клубынының басшылығы қызметінен кетті

"Қайсар" футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды. Бүгін бас бапкер Дмитрий Огай, клуб директоры Руслан Балтиев және команда басшысы Евгений Веретнов қызметтерінен босатылды, деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен

119 0

"Қайсар" футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды. Бүгін бас бапкер Дмитрий Огай, клуб директоры Руслан Балтиев және команда басшысы Евгений Веретнов қызметтерінен босатылды, деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен. Олардың орнына клуб директоры міндетін атқарушы болып бұған дейін директордың орынбасары болған Әлназаров Жаңабек Шәріпбайұлы тағайындалса, бас бапкердің міндетін атқарушы болып қызметке осы уақытқа дейін бас жаттықтырушының көмекшісі болып келген Әбілдаев Cұлтан Тоқатайұлы кірісті.

Айта кетейік, Дмитрий Огай «Қайсар» футбол клубын 2014 жылғы футбол маусымынан бастап жаттықтырып келді. Өткен маусымда команда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионатында үздік бестіктен көрінді. Алайда, биыл команда сәтсіз ойын көрсетіп жүр. 21 турдан кейін «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасында 17 ұпай жинап, 10-орында.

Облыс басшылығы Дмитрий Огай, Руслан Балтиев және Евгений Веретновқа серіктестік үшін алғыс білдіріп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!