Күрес: Астанада Президент кубогы сарапқа салынады

Фотография - Күрес: Астанада Президент кубогы сарапқа салынады

Ертең елорда төріндегі "Дәулет" спорт кешенінде күрес түрлерінен ҚР Президенті кубогы жолындағы жарыс басталады.

199 0

Ертең елорда төріндегі "Дәулет" спорт кешенінде күрес түрлерінен ҚР Президенті кубогы жолындағы жарыс басталады.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир биыл үш күнге созылмақ. Бұған дейін Президент кубогы жолындағы бәсеке тек грек-рим күресі шеберлері арасында сарапқа салынып келген. Ал биыл ұйымдастырушылар жарыстың аясын кеңейтіп, бірінші рет еркін күрес пен қыздар күресін қосып отыр. Сондай-ақ, жарыс тұңғыш рет командалық сайыс түрінде өтеді.

ҚР Президенті кубогы жолындағы турнирге Ресей, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, және Беларусь елдерінің білекті балуандары қатыспақ.

Дәстүрлі турнирге еліміздің ең мықты деген балуандары бірінші және екінші құрамда өнер көрсетеді. Бірақ, бәсі биік додаға грек-рим күресінен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев жарыстан босатылды. Бас бапкер Таңат Сағындықовтың айтуынша, Нұрмахан отбасылық жағдайына байланысты турнирге қатысудан бас тартқан.

Ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы:

Еркін күрес: 1 құрам

57 келі: Расул Қалиев, 61 келі: Дәулет Ниязбеков, 65 келі: Мейіржан Әшіров, 70 келі: Нұрлан Бекжанов, 74 келі: Жігер Зәкіров, Ақжүрек Таңнатаров, 86 келі: Азамат Дәулетбеков, Ералы Әбдірашев, 97 келі: Әлихан Жұмаев, 120 келі: Дәулет Шабанбай.

2 құрам:

57 келі: Артас Сана, 61 келі: Елдос Әбікенов, Руслан Сексенбаев, 65 келі: Саятбек Оқасов, 70 келі: Азамат Өміржанов, 74 келі: Ғалымжан Өсербаев, Болат Сақаев, 86 келі: Аслан Кахидзе, Әділет Дауынбаев, 97 келі: Мамед Ибрагимов, 120 келі: Ермұхамет Іңкәр.

Грек-рим күресі: 1 құрам

59 келі: Алмат Кебісбаев, Нұрсұлтан Қалмұрзаев, 66 келі: Айбек Енсеханов, Асхат Жаңбыров, 71 келі: Дархан Баяхметов, Азамат Дүмбіров, 75 келі: Досжан Картіков, 80 келі: Асхат Дільмұхамедов, 85 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов, 98 келі: Ерұлан Ысқақов,130 келі: Әбдімәлік Сартбаев.

2 құрам

59 келі: Мейрамбек Айнағұлов, Руслан Итенгенов, 66 келі: Демеу Жадраев, Нұртас Өтепбергенов, 71 келі: Нұржан Нәдіыров, Рамазан Мұстафаев, 75 келі: Мақсат Ережепов, Даниял Гаджиев, 80 келі: Жасұлан Қошанов, Дәулет Жақсылықов, 85 келі: Азамат Кұстыбаев, 98 келі: Марғұлан Әсембеков, Жанарбек Қабдолов, 130 келі: Дамир Күзембаев.

Қыздар күресі: 1 құрам

48 келі: Элеонора Абуталипова, 53 келі: Жұлдыз Ешімова, 55 келі: Ирина Кисель, Айжан Сымағұлова, 58 келі: Айым Әбділдина, 60 келі: Аяулым Қасымова, 63 келі: Екатерина Ларионова, 69 келі: Елмира Сыздықова, 75 келі: Гузель Манюрова.

2 құрам

48 келі: Ирина Борисова, Мәдина Бағдәулет, 53 келі: Айгүл Нұралым, 55 келі: Марина Седнева, 58 келі: Анжелина Щелчкова, 60 келі: Мәдина Бакбергенова, 63 келі: Ольга Калинина, Ирина Козюлина, 69 келі: Жамила Бакбергенова, 75 келі: Гүлмарал Еркебаева.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!