Сабина Алтынбекова Әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды

Фотография - Сабина Алтынбекова Әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды

Сұлулығымен әлемге танылған қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды

208 0

Сұлулығымен әлемге танылған қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды. Бұл жайында "Казахстанская правда" басылымы хабарлап отыр.

Айта кетейік, аталған Ұлттық комиссия 1998 жылы құрылған болатын. Оның мақсаты қоғамдағы әйелдерді жағдайын жақсартып, отбасы мен балалардың құқығын қорғау, отбасылық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, әйелдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларға араласуына мүмкіндік жасау.

Сабинаның өзі болса бұл жаңалықты қуана қабылдағанын айтып отыр. "Мен үлкен патриотпын және өз еліме пайда әкелсем деген ниеттемін" деп атап өтті волейболшы қыз.

Сондай-ақ, ол 6 наурыз күні Елбасымен болған кездесуден керемет әсер алғандығын да айтып отыр. "Маған Президент әкімдігінен хабарласып, аталған кездесуге шақырған кезде біреулердің қалжыңы шығар деп ойладым. Кездесу кезінде қатты толқып отырғанмын, алайда, Елбасының жылулығы бәрін ұмыттырды. Ол маған спортты тастап кетпей, жоғары нәтижелерге жетуге және мақтау сөздерге ермеуге кеңес берді" дейді Сабина Алтынбекова. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!