Пауэрлифтингтен Алматыда өтетін Азия біріншілігіне 30 елдің спортшылар қатысады

Фотография - Пауэрлифтингтен Алматыда өтетін Азия біріншілігіне 30 елдің спортшылар қатысады

Алматыда үстіміздегі жылдың 26-30 шілдесі аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты өтеді.

234 0

Алматыда үстіміздегі жылдың 26-30 шілдесі аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар арасында пауэрлифтингтен ашық Азия чемпионаты өтеді.
Оған 30 елден 200-ден астам спортшылар қатысады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

"Қазақстанға әлемнің ең мықты деген спортшылары жиналады. Олар 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күш сынасады. Пауэрлифтингке қатысты мұндай жоғары деңгейдегі жарыс Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр", - деді Е.Қанағатов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда паралимпиадалық қозғалыс жанданып келеді. Және мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

"Біз ашық Азия чемпионатының жоғары деңгейде өткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Қазақстан атынан бұл жарысқа 20 спортшы қатысады. Солардың кем дегенде бесеуі жүлделі орынға ілігеді деген үміттеміз", - деді ол.

Айта кетелік, халық арасында пауэрлифтингті кейде күштік үшсайыс деп атайды. Өйткені, мұнда негізінен үш жаттығу бойынша жарыс болады. Олар: зілтемірді иыққа қойып (жауырынның үстіңгі жағы) жүрелеп отырып тұру, шалқалап жатып зілтемірді сығымдап екі қолмен көтеру және белді, қолды түзу ұстап, тізені бүгіп-жазып, зілтемірді сығымдап ұстап жерден көтеру.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!