631

В. Нибали "Тур де Франсты" төртінші орында аяқтады

"Астана" велокомандасының шабандозы италиялық Винченцо Нибали "Тур де Франс" көпкүндігін төртінші орынмен қорытындылады, деп жазады Аламан порталы.
Фотография - В. Нибали "Тур де Франсты" төртінші орында аяқтады

"Астана" велокомандасының шабандозы италиялық Винченцо Нибали "Тур де Франс" көпкүндігін төртінші орынмен қорытындылады, деп жазады Аламан порталы.

Арақашықтығы 110,5 шақырым болған 20-шы кезеңде FDJ командасының франциялық өкілі Тибо Пино жеңімпаз атанды. Колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) одан 18 секундқа артта қалып қойса, үштікті канадалық Райдер Хешедаль (Cannondale-Garmin) қорытындылады.

Бұл кезеңде "Астана" сапындағы мәреге алғаш болып келген Винченцо Нибали. Ол 15-ші орында аяқтады, яғни Пинодан 3 минут уақыт қалып келді.

Велокөпкүндікті қорытындыласақ, Sky командасындағы ұлыбританиялық Крис Фрум жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кинтана иемденсе, үшінші орын испаниялық Алехандро Вальвердеге бұйырды.  

Загрузка...