Футбол: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

Фотография - Футбол: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды.

297 0

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. Ел біріншілігінің 22-тур қорытындысы бойынша екі алтылық анықталды. Алматының "Қайраты" бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Бас бапкерсіз қалған "Қайсар" соңғы орында.

"Окжетпес" "Астана" – 1:2

Голдар: Бөлешев, 48 (1:0). Кабананга, 53 (1:1). Кабананга, 54 (1:2).
"Астана" сәрсенбі күні ХИК-ке қонаққа барады. Сондықтан Көкшетаудағы кездесуде бірнеше ойыншыға демалыс берілді. Соған қарамастан қосалқы құрамның ойыншылары аса қажетті үш ұпайға қол жеткізді. Алаң иелері сапынан Әлібек Бөлешов есеп ашса, Джуниор Кабананга дубль жасап, «Астанаға» жеңіс сыйлады.

"Жетісу" "Қайсар" – 2:1

Голдар: Галиакберов, 12 (1:0). Шестаков, 22 (1:1). Галиакберов, 57 (2:1).
"Қайсар" тағы жеңілді. Бұл жолы Талдықорғанда алаң иелеріне есе жіберді. Жазғы үзіліс кезінде «Жетісуға» «Рубиннен» ауысып келген Руслан Галиакберов Қызылорда командасына екі доп соқты.

«Тобыл» – «Қайрат» – 1:3

Голдар: Деспотович, 20 (0:1). Деспотович, 48 (0:2). Дарабаев, 57 (0:3). Жұмасқалиев, 73 (1:3).
«Астана" секілді "Қайрат" та ішкі чемпионатта бірнеше футболшысының аз-маз дамылдауына мүмкіндік берді. Қостанайдағы кездесуде Вайсс бапкер негізгі құрамда қазақстандық футболшыларды шығарды. Қорғаушы Бруно Соарес және шабуылшы Деспотовичтен басқасы жергілікті футболшылар болды.

Жақында Алматы командасының қатарын толықтырған сербиялық Деспотовичтің дублі «Қайратқа» үш ұпай әкелді. Сондай-ақ бір голды Аслан Дарабаев соқты. Ал «Тобыл» сапынан команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев көзге түсті.

"Ертіс" "Ордабасы" – 2:0

Голдар: Дудченко, 50 (1:0). Ронкатто, 90 – пенальтиден (2:0).
Алаңнан қуылды: Гейнрих, 88.

"Ертіске" болгариялық бапкер келгелі команда нәтижелі ойындармен көзге түсе бастады. Соңғы турда «Ордасыны» ұтқан Павлодар командасы алғашқы алтылыққа қосылды.

"Шахтер " – «Тараз» – 2:0

Голдар: Фещук, 78 (1:0). Мұртазаев, 90 (2:0).

"Шахтер" бірінші кезеңнің соңғы екі матчын жеңіспен аяқтап отыр. Өткен турда күтпеген жерден «Ақтөбені» сырт алаңда жеңген Игорь Захаряк шәкірттері бұл жолы өз алаңдарында "Тараздан" басым түсті. Матчтағы екі гол да екінші таймда соғылды. Гол авторлары – украиналық Максим Фещук пен жас шабуылшы Роман Мұртазаев.

"Атырау" "Ақтөбе" – 0:2

Голдар: Хижниченко, 9 (0:1). Пизелли, 46 (0:2).

Соңғы екі матчта жеңіліске ұшыраған "Ақтөбе" бұл жолы сырт алаңда "Атыруды " ұтты. Биылғы маусымда өте сирек ұтылған «мұнайлы» өлкенің командасы "Ақтөбенің" қорғанысын бұзып жарып өте алмады. Қайта өздері гол жіберіп алды.
Бірінші кезең аяқталған соң, командалардың ұпайлары қақ бөлінді.
Сонымен, бірінші алтылық:
1. "Қайрат" – 22 ұпай
2. "Астана" – 22
3. "Ақтөбе" – 22
4. "Атырау" – 19
5. "Ордабасы " – 18
6. "Ертіс " – 15.

Екінші алтылық:

7. "Оқжетпес " – 13
8. "Тобыл " – 13
9. "Тараз " – 12
10. "Шахтер " – 9
11. "Жетісу " – 9
12. "Қайсар " – 9.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!