Лемье: Головкинді шаршы алаңда қуып жүрмейтінім қандай жақсы

Фотография - Лемье: Головкинді шаршы алаңда қуып жүрмейтінім қандай жақсы

Канадалық боксшы Головкиннің жұдырықтасу стилі оң жамбасына келетінін айтты.

288 0

WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін 17 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы IBF тұжырымы бойынша осы салмақта әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемье болады.

Канадалық боксшы Головкиннің жұдырықтасу стилі оң жамбасына келетінін айтты.

«Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді, ал Головкин үздіктер қатарында. Қазіргі таңда ол спорттық мансабының ең биік шыңында тұр. Мен оны жеңіп, өзімнің мықтылығымды баршаға паш етемін. Өздеріңіз білесіздер, нокауттарым көп, бойымда күш-қуатым тасып жатыр. Ол тек алға ұмтылатын жігіт, сондықтан оны шаршы алаңда қуып жүрмейтінімді жақсы білемін. Бұл нағыз шайқас болады», - деді Давид Лемье.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!