Қазақстандық палуандар Еуропа Кубогында алты медаль иеленді

Фотография - Қазақстандық палуандар Еуропа Кубогында алты медаль иеленді

25-26 шілде аралығында Прагада жастар арасында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті.

224 0

25-26 шілде аралығында Прагада жастар арасында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Дзюдодан Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясынан. 

Атап айтқанда, Мағжан Шамшадин, Жақсыбек Женісбек алтын алса, Дидар Тәттібай мен Жанар Қашқын күмісті місе тұтты. 

Ал Қанат Сейілхан мен Бауыржан Жауынтаев қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, алты медаль ұтқан қазақ спортшылары Бразилия мен Украинадан кейін командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

дзюдо

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!