Алматыда тікелей трансляция арқылы Олимпиада-2022 өтетін қала белгілі болмақ

Фотография - Алматыда тікелей трансляция арқылы Олимпиада-2022 өтетін қала белгілі болмақ

Алматы жұртшылығы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетіндігін алғашқылардың бірі болып білетін болады.

221 0

Алматы жұртшылығы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қай қалада өтетіндігін алғашқылардың бірі болып білетін болады.
Осы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматы мен Бейжің қалалары үміткер болып отыр.

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,ағымдағы  жылдың 31 шілдесінде сағат 15.00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясы тікелей эфирде көрсетілмек.

Сессия барысында жасырын дауыс беру арқылы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы анықталатын болады.

Бұл акцияны ұйымдастырушылар алматылықтарды сүйікті қаласына қолдау көрсету мақсатында тікелей трансляцияға қатысуға шақырады.

Айта кетелік, ХОК сессиясы Малайзияның астанасы — Куала-Лумпур қаласында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!