Бүгін "Астана" Финляндияның ХИК командасымен ойнайды

Фотография -  Бүгін "Астана" Финляндияның ХИК командасымен ойнайды

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші раунды шеңберінде "Астана" Финляндияның ХИК командасымен ойнайды.

226 0

 Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші раунды шеңберінде "Астана" Финляндияның ХИК командасымен ойнайды.

Сырт алаңда өтетін матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ойынды KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Үшінші іріктеу турнирі кеше басталғаны белгілі. Жанкүйерлер тартысқа толы тоғыз ойынның куәсі болды. Ол матчтарда тіркелген нәтижелер төмендегідей: "Динамо" (Загреб, Хорватия) – "Мольде" (Мольде, Норвегия) 1:1 (1:1) Голдар: Анхело Энрикес 18 – Ола Камара 21. "Видеотон" (Секешфехервар, Венгрия) – БАТЭ (Борисов, Беларусь) 1:1 (0:0) Голдар: Пауло Винисиус 89 – Александр Карницкий 56. "Янг Бойз" (Берн, Швейцария) – "Монако" (Монако, Франция) 1:3 (0:0) Голдар: Рафаэль Нуццоло 74 – Лейвин Курзава 64, Гидо Каррильо 72, Марио Пашалич 75. "Панатинаикос" (Афина, Грекия) – "Брюгге" (Брюгге, Бельгия) 2:1 (1:1) Голдар: Маркус Берг 37, Николаос Карелис 65 пенальти – Боли Болинголи 10. «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – "Виктория" (Пльзень, Чехия) 1:2 (0:2) Голдар: Барак Ицхаки 79 – Айдин Махмутович 17, Милан Петржела 21. "Милсами" (Орхей, Молдова) – "Скендербеу" (Корча, Албания) 0:2 (0:0) Голдар: Хамди Салихи 49, 73 пенальти. "Мидтьюлланн" (Хернинг, Дания) – АПОЭЛ (Никосия, Кипр) 1:2 (0:2) Голдар: Якоб Поульсен 88 – Киан Хансен 30 автогол, Томас Себастьян де Винсенти 33. ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – "Спарта" (Прага, Чехия) 2:2 (1:1) Голдар: Алан Дзагоев 14, Зоран Тошич 53 – Кеинде Фатай 15, Ладислав Крейчи 57. "Фенербахче" (Ыстамбұл, Түркия) – "Шахтер" (Донецк, Украина) 0:0

Сонымен қатар, бүгін Хик пен «Астана» арасындағы ойыннан бөлек, турнир барысында тағы бес кездесу өтеді. Ол сында мына командалар өзара күш сынасады: "Ред Булл Зальцбург" (Вальс-Зиценхайм, Австрия) – "Мальме» (Мальме, Швеция) "Лех" (Познань, Польша) – "Базель" (Базель, Швейцария) "Селтик" (Глазго, Шотландия) – "Карабах" (Агдам, Әзербайжан) "Стяуа" (Бухарест, Румыния) – "Партизан" (Белград, Сербия) "Рапид" (Вена, Австрия) – "Аякс" (Амстердам, Нидерланды).

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!