819

Тағы бір Қазақстандық спортшы допинг кесірінен жеңісінен айырылды

Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды.
Фотография - Тағы бір Қазақстандық спортшы допинг кесірінен жеңісінен айырылды

Қазақстандық спортшы Анна Товченик Мәскеуде кроссфиттен өткен жарыстан кейін допингпен ұсталды.

Портал мәліметінше, Товченик "Большой летний Кубок на приз Гераклиона" турниріне қатысып, "А" тобында (кәсіби спортшылар) үшінші орын алған болатын. Бірақ, жарыстан кейін қазақстандықтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетпеді. Оның сынамасынан Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі (WADA) тыйым салған субстанциялар анықталған.

Турнирдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, допинг-сынаманың қорытындысынан кейін спортшының көрсеткіштері жойылды. Ол үшінші орнынан айырылып қана қоймай, алған сыйлықтарын қайтарып беруге міндеттелді. Айта кетейік, жарыс Мәскеу қаласында 18-19 шілдеде өткен еді. 

 

 

baq.kz

 

 

Загрузка...