ХИК пен "Астана" футболшылары тең түсті

Фотография - ХИК пен "Астана" футболшылары тең түсті

Хельсинкиде жергілікті ХИК және "Астана" футбол клубтарының кездесуі болып өтті.

205 0

Хельсинкиде жергілікті ХИК және "Астана" футбол клубтарының кездесуі болып өтті.

Чемпиондар лигасында ойнаған екі команда бастапқыда бір бірін әбден аңдып бақты. Бірінші таймда біздікілерден Бауыржан Жолшиев көзге түсті. Өкінішке орай, оның қақпаға бағыттаған добы ауытқып түсіп, дөп тимеді.

 Қарсыластардан «Астананың» қақпасын Танака шабуылдады. Бірақ осыған дейін де намысты қолдан бермеген Ненад Эрич өрнекті ойынының арқасында гол салдырмады. Ақыры екі команда бұл ойында тең түсіп, есеп 0:0 болды.

 Қарымта кездесу 5 тамыз күні Астанада өтеді.

 

 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!